Ақтөбеде пробация қызметінің инспекторын 10 мың теңге парамен сатып алғысы келген сотталған ұсталып, бас бостандығынан айырылды

Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өзіндік қауіпсіздік қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралар барысында «Тонау» бабы бойынша сотталған 41 жасар ақтөбелік азаматтың пробация инспекторына пара ұсыну дерегінің жолы кесілді.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты Ақтөбе қаласының Алматы аудандық Пробация қызметінің аға инспекторы Ақмерей Толыбаева, тонау бабымен пробациялық бақылауда тұрған сотталған азаматты бақылау кезінде бас бостандығын шектеу жазасын орындау туралы сот үкімінің талаптарын бұзғанын анықтаған. Осыған байланысты пробация инспекторы сотталғанның бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын бас бостандығынан айыруға ауыстыру үшін сотқа материалдар дайындаған. Осы кезде пробация есебінде тұрған сотталған азамат бас бостандығынан айырудан және психиатрдан мәжбүрлеп емдеу түріндегі жазадан жалтару мақсатында, пробация қызметінің инспекторына 10 мың теңге сомасында пара ұсынған. Алайда қызметіне адал инспектор бұл туралы өз басшылығына дереу хабарлаған.

«Орын алған жағдай бойынша Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің өзіндік қауіпсіздік бөлімімен ҚР ҚК-нің 367-бабы 1-бөлігі (Пара беру) бойынша қылмыстық іс қозғалып,. Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімімен азамат кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметтерде мемлекеттік лауазымдарды атқаруға өмір бойына айыра отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.-деді Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметі бастығы әдiлет капитаны Д.Тулеуова.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің баспасөз хатшысы

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...