Ақтөбеде мешіт имамдары түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеуші сотталғандармен діни бағытта түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №9 мекемесінде дінге сенуші жазасын өтеуші сотталғандар Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Марал Иманғалимен кездесті. Кездесуде наиб имам Марал Иманғали сотталғандармен діни бағытта түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оларды толғандырған сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар наиб имам кездесу соңында сотталған азаматтардың алдағы уақытта басқа да сұрақтары туындаған жағдайда мекеме әкімшілігінің көмегімен онлайн байланысқа шығу мүмкіндіктері барын жеткізді.

«Кездесу іс-шарасының мақсаты — дінге сенуші сотталғандардың білікті мамандардан діни бағытта білімдерін арттыруын қамтамасыз ету болып табылады»,- дейді №9 мекемесінің Сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмысы бөлімінің бастығы әділет капитаны Арман Панабек.

Айта кету керек, Ақтөбе облыстық «Нұр-ғасыр» мешітінің бас имамы Еншібай Серікжан №8 түзеу мекемесіндегі жазасын өтеуші сотталғандармен діни бағытта түсіндіру жұмыстарын жүргізген болатын.

«Жаңа өмірге мотивация» атты тренинг өтті

Абай облысы, Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде «Жаңа...

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі олардың қайта әлеуметтенуіне,...