«Мемлекеттік тілді білу мен оны құрметтеу қашанда бірінші орында» дейді √ 7 мекемесінің бастығы Сұлтан Құсайынов, «Қазақстан Республикасындағы Тіл саясаты тұжырымдамасы бекітілгеннен бері мемлекеттік тілге көбірек көңіл бөлінуде. Мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайту және қолдану аясын кеңейту бойынша жеке құрам арасында тақырыптық дәрістер өткіземіз. Бүгін сотталғандар арасында қазақ тілінен білімдерін тексеру мақсатында байқау өткіздік».
Байқау тапсырмалары мемлекеттік тілде бірнеше кезеңде өткізілді. Айта кету керек, қатысушылардың басым бөлігі мемелекеттік тіл ана тілі емес ұлттар сотталғандар болды.
Тапсырмалар келесі тармақтарды қамтыды: қазақ мақалындағы жетіспейтін сөзді қалпына келтіру, таңдау бойынша екі тілде қазақ және орыс тілдерінде.
Жаңа форматтағы дәстүрлі үй тапсырмасы қатысушыларға ұнады. Қазақтың көрнекті тұлғалары туралы шағын әңгіме дайындау қажет болды. Сотталғандар Әлия Молдағұлованың ерлігі, алтын дәуірдің билеушілері Керей мен Жәнібек хандар және Абылай ханның шөбересі Шоқан Уәлиханов туралы әңгімеледі.
Тапсырмалар арасында «Домбыра алаңында» музыкалық шығармалар орындалды.
Қатысушылар мемлекеттік тілді жақсы меңгергендерін тарихи деректермен қолдап отырды.
Сонымен қатар, қазылар алқасы байқауға қатысушылардың бірін ерекше атап өтіп, сотталған Владимирге «Мемлекеттік тілді білу байқауының үздік қатысушысы» атағы берілді.
«Мен мұндай шараға бірінші рет қатыстым», — дейді сотталушы, «Мен әрқашан бірнеше тіл білуді армандадым, мектепте қазақ тілін оқыдым, неміс тіліне қарағанда маған жеңіл болды, мұғалімдер мені мақтады», — деп жымиды Владимир. , «Бүгінгі шараға дайындалдық, кітапханамызда жақсы әдебиеттер көп, жасақ бастығы көмектесті. Менің ойымша, біздің Отанымыздың әрбір азаматы ұлтына қарамастан мемлекеттік тілді білуі керек».


