12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Аға буынның өнегелі өмір жолы бізге үлгі

Қазақстанның басты мақсаты құқықтық мемлекет құру. Сондықтан,  құқық қорғау және сот органдары қызметкерлерінің заңдылық пен әділеттілікті орнатуда орны бөлек. Осы ретте аталған салалардың өсіп-өркендеуіне ғұмырларын арнап келе жатқан аға буын өкілдері жетерлік.  Бұл қатарда тақырыбымызға өзек еткелі отырған кейіпкеріміз  Бахыт Қонахбаев та бар.

Бахыт Шарипбайұлы прокуратурада 20 жылдан аса еңбек етті. Аталған сала жұмысының  дамуына өлшеусіз үлес қосқан ардагер соңғы 20 жылдан бері сот төрелігін абыроймен атқаруда. Заңгердің еңбек жолымен таныстырып өтсек, М.С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген соң Шымкент қаласының көлік прокуратурасына тергеуші болып орналасады. Бұдан кейін аталған мекеме басшысының орынбасары болды. Осылайша оның прокуратура органындағы қызметі Алматы көлік прокуратурасында, Жамбыл облысының Шу көлік прокуратурасында, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында, Сарыағаш аудандық прокуратурасында,  Батыс Қазақстан облысы прокуратурасында, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Статистиканы қалыптастыру департаментінде жалғасты.

Осы органдарда жауапты қызметтерді абыроймен атқарған Бахыт Қонахбаев Қазақстан прокуратурасында өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Тәжірибелі заңгер мұнымен тоқтап қалмай, білім-білігі мен қажыр-қайратын сот жүйесіне арнады. Яғни, 2004 жылы Президент Жарлығымен Ақмола облысының Аршалы аудандық сотына төраға болып тағайындалды. Сот саласында да сот төрелігін әділ атқаруымен, мықты ұйымдастырушылық қабілетімен өзін көрсете білді. Бахыт Қонахбаевтың Бұланды, Атбасар аудандық соттарына төрағалыққа тағайындалуы жетістігінің жарқын көрінісі.

Үшінші билік беделі сот актілерінің әділдігіне, судьялардың кәсіби біліктілігіне, ұстанған ұстанымы мен жеке басының қасиеттеріне байланысты десек, бұл тұрғыда Бахыт Шарипбайұлы өзінің әрбір ісімен сот беделін әрқашан да асқақтата білді. Әділдік іздеген әрбір жанға ізгілікпен қарап, әділ билік айтудың үлгісін қалыптастыруға талмай атсалысып келеді.

Отставкаға шықса да Бахыт Шарипбайұлы жұмыстан қол үзген жоқ. Қазіргі күні ол Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында судьялық қызметте. Қай мекемеде еңбек етсе де ол  өзін білгір маман ретінде дәлелдеп, әрдайым халықтың құрмет-қошеметіне бөленді.

Судья қай қоғамда болмасын әділдіктің жаршысы саналады десек, Бахыт Қонахбаев осынау киелі ұғымды жоғары ұстап, жастарға білгенін үйретуден жалыққан емес.

Бахыт Қонахбаев, «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл» құрмет белгісінің, ҚР Судьялар Одағы Құрмет грамотасының, сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарының, көптеген алғыс хаттар мен марапаттардың иегері.  

Сот қызметкерлері мен судьялар мерекесінде әріптесімізді арнайы құттықтағымыз келеді. Сот пен прокуратура мәртебесіне лайықты қызметін өнегелі ісімен ұштастыра білген ағамызға мықты денсаулық, толайым табыстар тілейміз. Тәжірибесі мол аға буынның өмір жолы біз үшін әрқашан да өнеге.

Бахыт Шарипбайұлы, біз Сізбен мақтанамыз, жүз жасаңыз ардақты аға!

Астана қаласының мамандандырылған

ауданаралық экономикалық сотының ұжымы

ДАУДЫҢ ТҮЙІНІ – БІТІМ: ӘКІМШІЛІК СОТТАҒЫ МЕДИАЦИЯНЫҢ МӘНІ

Қазақстанда әкімшілік әділет жүйесі енгізілгелі бері сот пен азамат...

ҚАСЫҢЫЗДА КІМ ЖҮРГЕНІН БІЛЕСІЗ БЕ?

Күнделікті күйбең тірліктің көлеңкесінде жүріп жанымыздағы жақсы адамның бағасына...

Жылысай ауылдық мәдениет үйі ғимаратының салтанатты ашылуы өтті

Маңызды шараға Алматы облысы мәслихатының төрағасы Байғожаев Қуат Сұлтанұлы,...

АУМАҚТАН ТЫС СОТТЫЛЫҚ – СОТ ТӨРЕЛІГІНІҢ БЕЙТАРАПТЫҒЫ МЕН ТИІМДІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН НЕГІЗГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТЕТІК

Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтық мемлекет қағидаттары сот билігінің...

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР – ӘДІЛ СОТ ТӨРЕЛІГІ МЕН ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМДІ НЫҒАЙТУДЫҢ НЕГІЗІ

Қазіргі кезеңде сот жүйесін жаңғырту – құқықтық мемлекетті дамытудың...