12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ашық сот отырысынан ақпарат таратуға кедергі жоқ

Ашықтық, қолжетімділік – сот отырысын өткізу кезінде ескерілетін басты қағидалар. Азаматтық процестік кодекстің 19-бабында сот талқылауының жариялылығы заңды тұрғыдан дәйектелген. Сот процесін өткізу барысында судья осы баптағы тәртіпті басшылыққа алады.

Кодексте көрсетілгендей азаматтық істерді талқылау барлық сот сатыларында ашық жүргізіледі. Сонымен бірге, әрбір сот талқылауының түйіні ретінде шығарылатын сот актілері жария түрде хабарланады. Бүгінде судьяның өзі шығарған шешімін түсіндіруі, тараптарға ұғынықты тілмен айтып беруі міндетті. Судьяның тараптар қойған сұрақтарға тыңғылықты жауап беріп, не үшін мұндай шешімге келгенін заңды тұрғыда жеткізуі сотқа деген сенімді нығайтып, жоғары сатыларға шағымданушылар қатарын азайтады.

Құқықтық, зайырлы мемлекетте азаматтар құқығы мен бостандығын қорғау басты орында. Сондықтан сот процесінде азаматтардың қалауы, сұранысы ескеріледі. Айталық Азаматтық процестік кодексте кейбір істердің жабық сот отырысында қаралатыны көрсетілген. Соның ішінде мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтері бар шешімді жариялауға байланысты істер, сондай-ақ бала асырап алу туралы істер жабық сот отырысында өтеді. Бұдан бөлек, жеке өмірге байланысты, отбасылық, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға қатысты істер де  азаматтардың өтінішхаты бойынша немесе соттың бастамасы бойынша жабық сот отырысында қаралып, шешіледі.

Қандай зайырлы мемлекетті алсаңыз да азаматтардың жеке басының құпиясын сақтауға, жеке өміріне қол сұқпауға басымдық береді. Сол қағида азаматтық істерді қарау барысында да ескеріледі. Мәселен, істі таразылау кезінде жеке хабарлар, екеуара жазылған хаттар  азаматтардың келісімімен ғана ашық сот отырысында жария етілуі мүмкін. Ал егер азаматтар ақпараттың жария болғанын қаламаса, хат жазысу мен хабарлар жабық сот отырысында жария етіліп, зерттеледі.

Құқықтық мемлекетте ақпарат құралдарының жұмыс істеуіне де кедергі жоқ. Осы мүмкіндікті пайдаланған журналистер ашық сот отырыстарына еркін кіріп,  сот отырысының барысы бойынша жазбалар жасай алады. Сондай-ақ залда отырған орындарынан аудиожазу құралдарының және цифрлық жеткізгіштердің көмегімен процесс барысын жазып алуға құқылы. Ал енді сот залынан бейнежазба жасау, тікелей радио- және телетрансляция жүргізу, Интернеттің ақпараттық-коммуникациялық желісінде бейнетрансляция жүргізу  үшін журналист соттан рұқсат алып,  іске қатысатын адамдардың пікірін ескере отырып кәсіби қызметін жүзеге асыруы керек. Жалпы журналситің ақпарат таратуы сот отырысының қалыпты өтуіне кедергі келтірмеуге тиіс.

М.Джанабаев, Алматы қаласы

Медеу аудандық сотының судьясы

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...

Сот азаматтың тұрғын үй құқығын қорғады

Талап қоюшы 2011 жылдың сәуір айынан бастап «жасына байланысты...

Кассациялық соттың құрылуы және қызметі

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан...