Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының мақтанышы!

5 қыркүйек – біздің еліміздегі ерекше күндердің бірі болып табылады, себебі бүгін Қазақстан халықтары тілдерінің күні, сонымен қатар Қазақстанның біртуар мемлекеттік қайраткер тұлғаларының бірі Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.

Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті кадр қызметінің ұйымдастыруымен ҚР ІІМ ведомствалық оқу мекемелерінің оқытушылары мен ішкі істер органдары ардагерлерінің қатысуымен, осы аптада Ахмет Байтұрсынұлына арналған лекциялар, байқаулар мен кездесулер өткізілетін болады.

Бүгін, Ш.Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Қостанай академиясының ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бастығы, тарих ғылымы магистрі, полиция подполковнигі Болат Альпеисов  Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлерімен онлайн режимде кездесу өткізді. Кездесуде ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның зиялы қауымының алып тұлғалары, тәуелсіздік үшін күрес жолында өздерінің барлық білімдерін, күш-жігері мен өмірін туған халқы үшін сарп еткен Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынов, Алихан Бөкейханов және т.б. туралы көптеген мағлұматтар берді.

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....