2023 жылдың наурыз айында Абай облысы бойынша ҚАЖД Тарбағатай аудандық №2
пробация қызметінің бастамасымен Ақсуат ауданының прокуроры Ә.Бейсекенов және Ақсуат
аудандық ПБ-ң ЖПҚБ басшысы Д.Сейтолданың қатысуымен Абай облысы бойынша ҚАЖД
Тарбағатай аудандық №2 пробация қызметі есебінде қоғамнан оқшаулаусыз жаза
тағайындалған және, түзеу мекемелерінен босап шыққан жазасын бостандықта өтеуге
мүмкіндік алған сондай-ақ, әкімшілік қодағалау белгіленген сотты болған азаматтармен жаңа
қылмыстар жасаудың жолын кесу негізінде, профилактикалық жұмыстар жүргізу негізінде
жиын өткізілді.
Өткізілген жиынға аудан бойынша арнайы есепте тұрған 16 адам қатысты. Бұл есепте
тұрған азаматтармен азаматшалар жиын соңында аудан прокурорының жеке қабылдауынан
өтіп өз көкейлерінде жүрген сұрақтарының жауабын тапты.
Мұндай іс-шаралар жаңа қылмыстардың жасалуына тосқауыл болар деп сенеміз. Алдағы
уақыттада осындай біріккен алдын-алу жұмыстары жалғасатын болады.
А.Шабен, Абай облысы бойынша ҚАЖД +1 фото
Тарбағатай аудандық №2 ПҚ
инспекторы


