12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Атқарушылық жазба – сот жүктемесін азайтудың бір тетігі

Атқарушылық жазбаның тәжірибеге енгізіліп, қолданысқа түскеніне жеті жылға жуықтады. Бірақ, бұл Қазақстан тәжірибесінде бұрын да болған. 1997 жылы «Нотариат туралы» заң шыққанда атқарушылық жазба жасаудың тәртібі белгіленіп, нотариустың заңды құқығы көрсетілген болатын. Алайда, 2000 жылдың 29 наурызында Банктік құпияға қатысты кейбір заңнамаларға өзгерту енгізілгенде атқарушылық жазбалар да нотариаттық іс әрекеттерден алынып тасталғаны есімізде. Тек араға 16 жыл салып бұл институттың сот жүктемесін азайтып, судьялар жұмысын оңтайландыруға, даусыз істерді қарауды жеңілдетуге мүмкіндік беретіне ескеріліп, заңға арнайы өзгерту енгізу арқылы 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап атқарушылық жазбалар нотариаттық іс әрекеттердің қатарына қайта қосылды.

Нотариустар атқарушылық жазба жасау үшін негізгі екі шарттың болуын назарда ұстайды. Оның біріншісі, атқарушылық жазба жасауда борышкер өндіріп алушы алдындағы жауапкершілігінің даусыз екенін растауы тиіс. Яғни, борышы бар адам өзіне қойылған кінәні мойындап, берешегінен бас тартпауы тиіс. Екінші бір шарт – талап қою (арыз) құқығы туындаған күннен бастап уақыт үш жылдан аспағанда ғана атқарушылық жазба жасалады. Осыдан көріп тұрғанымыздай, атқарушылық жазбада жауапкершіліктің даусыз болуы және ескіру мерзімінің шегінде берілуі шарт. Атқарушылық жазба бойынша кез-келген талап емес, тек заң нормасында бекітілген даусыз талаптар бойынша берешекті өндіріп алу жүзеге асырылатынын да есте ұстауымыз керек.

Нотариустар жасаған Атқарушылық жазбаның күшін жоюға және оған дау айтуға болады. Оның өзіндік тәртібі бар. Егер талапқа қарсы қарсылық болса, нотариус оны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қаулы шығарады. Егер жасалған атқарушылық жазба борышкердің қарсылығы бойынша нотариустың қаулысымен күшін жоймаса, оған дау айту сот тәртібімен жүзеге асырылады. Істі сот талқылауына дайындау арыз қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Бұл мерзімді ұзартуға жол берілмейді.

А.Абишева,

Алматы қаласы

Медеу аудандық сотының судьясы

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...

Еріктілер кеңесі мүшелері ауладағы қар тазалау акциясына қатысты

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған...