Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының ақпаратына сәйкес: көп балалы ананың тұрғын үйге кезегi қалпына келтірілді

Талап қоюшы А. «Жылыой ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тұрғын үйге кезегінен алып тастау әрекетін даулаған.

Талап қоюшы жалғыз басты ананың асырауында кәмелетке толмаған 5 балалары бары және үй жалдап тұратыны анықталды.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 73 бабының 5) тармақшасына сәйкес, тұрғынжайға мұқтаж деп танылған және тұрғынжай алғанға дейін есепке қойылған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар есептен шығарып тасталуға жатпайды делінген.

Істі қарау барысында тараптар судьямен жүргізілген медиациялық келісімге келді.

Медиациялық келісімнің шарттарына сәйкес, жауапкер талап қоюшының тұрғын үйге кезегін бір ай ішінде қалпына келтіруге міндеттенді.

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының ұйғарымымен дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісім бекітіліп, оны орындамау салдары тараптарға түсіндірілді.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Атырау облысы МАӘС

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...