Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментінде Конституция күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Шара барысында Департамент бастығы Теңізжан Нұрмаханұлы өз қызметтік міндеттерін адал атқарып жүрген қызметкерлерді ҚАЖ комитеті мен департаменттің алғыс хаттарымен, заттай сыйлықтармен марапаттады.
Сонымен қатар, салтанатты іс-шараға жиналғандар сала ардагері, департамент бастығының орынбасары Бағдат Асылбековті құрметпен зейнетке шығарып салу салтанатының да куәсі болды.
Бағдат Замирұлы қылмыстық атқару жүйесі саласында ұзақ жылдар абыройлы еңбек етіп, әділет полковнигі дәрежесіне дейін жеткен. Ол кісі департамент бастығының орынбасары қызметін де абыроймен атқарып, жас қызметкерлерге үлгі көрсете білген жан. Жиында сөз сөйлеген әріптестері Бағдат Замирұлының ұйымдастырушылық қабілетін, адамгершілігі мен адалдығын сөз етті.
Сондай-ақ, Бағдат Замирұлының өзі де сөз алып, әріптестеріне қызметте белсенді болуды, антына әрқашан адалдық танытуды және осында отырған әрбір қызметкердің өзі сияқты осындай дәрежеге жетуін тілеп тілек білдірді.
Жиын соңында департамент бастығы, әділет полковнигі Теңізжан Жәнібеков Ата Заңымыздың аясында марапат алған қызметкерлерді құттықтап, қызметтерінде адал болуларын тапсырды.
Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД-ның баспасөз қызметі.


