12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ата-анасын бақпағандар алимент төлейді

Ата ананың баланы бағып-қағу, тәрбиелеу міндеті. Бар өмірін, бар күш-қайратын ұл қызын өсіруге, азамат етуге арнаған кейбір ата-ананың қамқорлық көрер шақта қолдаусыз қалатын кезі аз емес. Басында баспанасы, ай сайын зейнетақысын алып тұратын қариялар баласынан алимент талап ете бермейді. Олар тіпті балаларына зияны тиіп кетеді деп ойлап алимент өндіруге арызданбауы мүмкін. Ал адами тұрғыдан алғанда ата-анаға ақшадан гөрі, баласының жанында болғаны, басы ауырып, балтыры сыздағанда қасында отырып қолдағаны маңызды. Өкінішке орай, мұны жастар түсіне бермейді.
Сот тәжірибесінен байқап жүргеніміздей, баласынан алимент өндіруге зейнетақының жетпеуі, ұл-қызының мүлде ат ізін салмай кетуі, қариялардың денсаулығына байланысты қаржылай көмекке зәру болуы, бөтен адамдардың сүйемелдеуінсіз жүре алмауы түрткі болып жатады. Еліміздегі «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің 145-бабына сәйкес, еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз ата-аналарын күтіп-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті. Заңның мұндай талабы қарияларды нағыз қамқорлық көрер шақта қолдаусыз қалдырмау мақсатында, балалардың ата- ана алдындағы жауаптылығын көтеру мақсатында енгізілгені түсінікті. Алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз ата-аналарға алимент олардың еңбекке жарамды кәмелетке толған балаларынан сот тәртібімен өндіріп алынады. Сонымен бірге, кодекстің 149- бабына сәйкес сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшерін
анықтағанда сот әр баланың және ата-анасының материалдық және отбасылық жағдайын және тараптардың басқа да назар аударарлық мүддесін негізге алады. Сот шешіміне сай алимент төлеу міндеттелген азаматтар ата-анасына ақша аударымдарын тұрақты төлеуге тиіс. «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді» деген қазақтың тағылымды сөзі бар. Сол айтпақшы, өз қолы өз аузына жеткен соң ата-анасын қараусыз қалдырғандар өздерінің де қартаятынын ұмытпағаны жөн.

А.Кусаинова,
Алматы қаласы
Медеу аудандық сотының судьясы

Сандық технология сот жүйесінде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы қыркүйек айында «Жасанды интеллект...

Сот жүйесіндегі сандық технология

Еліміздің сот жүйесі ең алғашқылардың бірі болып сандық...

Тіл – тұрақтылық кепілі

Халқымыздың біртуар жазушысы Мұхтар Әуезовтің «Біздің заманда өз тілін,...

Судья әдебі ережелерін қатаң сақтау сот беделін нығайтады

Судья әділдіктің айнасы, тура төреліктің кепілі, заң үстемдігінің символы...

Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуын тергеп-тексеру және әкімшілік істерге дау айту мәселелері

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасы еркін бәсекелестік қағидаларына негізделген. Бәсекелестікті...