Астана күні қала астана мәртебесін алған 1998 жылдан бері тойланып келеді. Бүгін, 06.07.2023 жылдың Астана қаласындағы қауіпсіздік деңгейі төмен колонияда Астана күні мерекесіне орай сотталғандар арасында тәрбие жұмысы бөлімінің ұйымдастыруымен сотталғандар арасында мәдени-көпшілік іс-шара мен спорттық жарыстар өтті. Мерекелік шара дәстүр бойынша Қазақстан Республикасының әнұранымен басталды. Концерттік бағдарлама басталмас бұрын бастығының орынбасары әділет майоры М.Н. Жакишев құттықтау сөз сөйлеп, барша жұртшылықты мерекемен құттықтап, жеңіс пен тезірек шығуын тіледі. Әйгілі композиторлардың әуендері шырқалған, музыкалық сайыстар өткізілген концерттік бағдарлама аяқталғаннан кейін сотталғандар арқан тартыс, қол күресі, шайнақ көтеруден командалық ойындардан сайысқа түсті. Жүлделі орындарға ие болған барлық қатысушылар дипломдармен марапатталып, басшының құқымен котермеленді.


