А.Құнанбаев. Даналардың сөзін есіне алған адамның өзі парасатты болады.
Қазақстанда ұлы ақын, ойшыл Абай күні аталып өтілуде. Қазақстан үкіметінің 4 тамызда 2020 жылғы қаулысымен қазақтың ұлы ақына Абайдың туған күні (10 тамыз 1845 жыл) ресми түрде бекітілді.
Астана қаласы бойынша ҚАЖДепартаментінің №2 мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға Абай Құнанбаевтың 178 жылдығына арналған әдеби кеш өтті. Шығармашылық кешке репертуарларына А.Құнанбаевтың өлеңдеріне бірнеше ән енгізілген музыкалық топ қатысты. Ақыны өмірі мен шығармашылығының белгілі беттеріне тоқталған әдеби кешінің жетекшісі сотталған Т. Сондай-ақ, Абай Құнанбаевтың осыдан жүз жылдан астам бұрын жазылған сотталған Қ.-ның орындауындағы “Тәрбиелі сөздер” поэмасындағы шағын нақылдарды оқу қызықты болды.
Шараға мекеме басшылығы ұстаздар қауымы қатысты.
-Біз мекемеміздегі сотталғандарға түрлі шараларды ұдайы ұйымдастырып тұрамыз. Сотталғандар мұндай шараларға құана қатысады- дейді №2 мекемесінің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы әділет майоры В. Величко.


