Астана күніне орай іс-шаралар ұйымдастырылды

Астана күні қарсаңында ШҚО бойынша ҚАЖД #17 қауіпсіздігі орташа мекемесінде сотталғандар арасында “Салт-дәстірді қайта жаңғыртайық” атты ұранмен спорттық бұқаралық мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды.

Атап айтсақ, жасақтар арасында волейболдан, гір тасын көтеруден, турникке тартылудан, асық ойнаудан және т.б. спорттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға өз еркімен қатысып, ат салысып, сайысқа түскендердің қатары көп болды.
“Мекемеде ұйымдастырылатын осындай спорттық іс-шаралар, оның ішінде асық ойыны өзіме қатты ұнады” деп атап өтті жазасын өтеуші Жумаканов.
“Бұл іс-шараның мақсаты салт-дәстүрімізді қайта жаңғырту, спорт арқылы денсаулықты нығайту және қайта тәрбиелеу” деп атап өтті мекеме бастығының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары әділет майоры А.Катанов.
Іс-шара қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған сотталғандарға мекеме бастығының қаулысымен көтермелеу шарасы қолданылды.
Аталған мекемеде тәрбиелік мәні мол іс-шаралар жиі өткізілетінін ерекше атап өтуге болады.

Сот отырысында тәртіп сақтау баршаға міндет

Сот отырысына қатысудың тәртiбі заңмен бекітілген. Сондықтан, сот залындағы...

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...

Мемлекеттік тіл және құқықтық мемлекет қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды...

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы...