Астана колониясында бостандыққа дайындық бойынша сабақтар өткізілді

ҚР Премьер-Министрінің өкімімен бекітілген 2023-2025 жылдарға арналған қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың Жол картасын іске асыру шеңберінде Астана қаласының ҚАЖД № 2 мекемесіне ағымдағы жылы босатылуға жататын сотталғандармен «АСТ» ҚБ өкілдерімен «автобус картасын қалай пайдалану керек, 2 ГИС қосымшасын қалай пайдалануға болады, egov. kz қосымша арқылы мемлекеттік қызметтерді қалай пайдалану керек», екендігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

«АСТ» ҚБ директорының орынбасары Динара Мавланова бейнероликтер дайындап, онда сотталғандарға жоғарыда аталған қосымшалар мен қызметтерді қалай пайдалану керектігі көрсетілді, сондай-ақ брошюралар дайындалды. 

Бұл брошюраларда автобус карталарын сатып алуға болатын сауда нүктелерінің мекенжайлары, жол жүру құны, карталарды толтыруға болатын терминалдардың мекенжайлары көрсетілген.

Аршалы ауданы прокурорының орынбасары Әлия Сүлейменова мекемелерден босатылған адамдар үшін біржолғы ақшалай жәрдемақы алу мүмкіндігі туралы, бар бос лауазымдарға жұмысқа орналасу үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жүгіну мүмкіндігі туралы, жұмыс орындарының квоталары туралы түсіндірді.

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...