Асламбек МЕРҒАЛИЕВ, ҚР Жоғарғы Соты төрағасы: «АЗАМАТТАРДЫҢ ҮМІТІН АҚТАУ МІНДЕТ»

Жоғарғы Соттың кеңейтілген кеңесінің жұмысына Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Ержан Жиенбаев, Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Денис Шипп пен Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Бікебаев қатысты. Онлайн режимде жиынға өңірлердің судьялары да қосылды.

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Әбдірашит Жүкенов 2022 жылы бірінші сатыдағы соттарға 2021 жылмен (32 737) салыстырғанда қылмыстық істер 4,6%-ға (31 257) аз түскенін мәлімдеді. Сотталғандардың саны 1,5 %-ға (28 208- ден 28 611-ге) азайған. Соттың үш сатысында барлығы 483 адам (2021-де – 503, 4%-ға аз) ақталған. Ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша өткен жылмен (168) салыстырғанда 177 адам ақталған (5 %-ға көп). Былтыр 377 адамға қатысты үкімнің күші жойылса, биыл бұл көрсеткіш – 334-ті құрады. Апелляцияда былтыр 1348 адамға қатысты сот актілері өзгертілсе, биыл 1246 адамға қатысты актілер өзгертілді. Апелляцияда былтыр 8 458 адамға, биыл 8 010 адамға қатысты істер қаралған, көрсеткіш 5,3%-ға аз. Жоғарғы Сот 17 адамға қатысты бірінші сатыдағы 14 іс бойынша үкімдерді қалпына келтірген. Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы Нұрсерік Шәріповтің ақпаратына сүйенсек, 2022 жылы соттарға барлығы 780 мың азаматтық іс пен материал келіп түскен. Көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 10,1%-ға артқан. Материалдар санының 34,3%-ға (168 934-ден 226 914-ға) артуы борышкерлердің Қазақстаннан тыс жерлерге шығуын санкциялау есебінен орын алған. Апелляцияда істер 15%-ға (36 мыңнан 30 мыңға) аз қаралған. Сот шешімдерін түзету 17%-ға (5 мыңнан 4 мыңға дейін) азайған. Кассацияда да істер былтырғымен салыстырғанда аз (582-ден 575-ке дейін) қаралды. Жоғарғы Сот апелляция күшін жойған бірінші сатыдағы соттардың 85 шешімінің күшін қалпына келтірген. Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі алқа төрағасы Аслан Түкиев талап арыздар санының ай сайын өскенін атап өтті. 2022 жылы 9 мыңның үстіндегі істер бойынша 30 мыңнан астам шешім қабылданған. Шешімдердің 57% талапкерлердің пайдасына шығарылған, істердің 15%-ында тараптар татуласқан, 25% іс бойынша арыздарды талапкерлер қайтарып алған. 686 ақшалай өндіру туралы және 1 758 жеке ұйғарым шығарылған. Спикер әкімшілік әділеттің тиімділігіне тоқтала келе, бұл жүйе азаматтардың құқықтарын қорғауға және қоғамның мемлекетке сенімін арттыруға бағытталғанын атап өтті. Жоғарғы Сот Аппаратының басшысы Наиль Ахметзакиров Президент Сот әкімшілігі (СӘ) туралы ережені бекіткенін хабарлады. Осылайша, Жоғарғы Соттың департаменті соттардың тәуелсіздігін нығайту және азаматтардың сенімін арттыру мақсатында жаңа орталық мемлекеттік органға айналды. Департаменттің сот реформаларын іске асыруға және соттарды қаржыландырудың жаңа моделін енгізуге қосқан үлесі аталып өтілді. Цифрландыруды дамытудың жоғары деңгейі қамтамасыз етілді. Алматы, Ұлытау және Абай облыстарында жаңадан соттар құрылып, тиісті жағдай жасалды. Қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен соттардың инфрақұрылымы толығымен қалпына келтірілді. Бұл, өз кезегінде, сот төрелігін жүзеге асыру процесін судьяларға ғана емес, сотқа келушілер үшін де жайлы етуге мүмкіндік берді. Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиев сот жүйесін дамытудың жаңа басымдықтарын айқындады. Сот билігінің консервативті сипатына тоқтала келе, ол соңғы жылдары бірқатар өміршең реформалар жүргізілгенін атап өтті. Спикер сот жүйесін жаңғырту бойынша судьялық кадрлар, сот төрелігін жүзеге асыру және сот әкімшілігін дамыту бойынша Президент тапсырмаларының орындалу барысына назар аударды. А.Мерғалиевтің пікірінше, реформалар жан-жақты ойластырылып жүргізілгенде ғана азаматтар мен кәсіпкерлердің мәселелерін шешеді. Сот төрелігінің сапасын арттыру мақсатында келесі шешімдер қабылданды: — сот процестерін, әсіресе, жабық істер бойынша, кәмелетке толмағандардың құқықтарына қатысты, мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен болатын және т.б. отырыстарды офлайн форматта өткізу; — сот практикасын қорытумен байланысты құжаттарды әзірлеуді жандандыру және Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларын өзектендіру; — өрескел қате жіберген судьялардың жазадан құтылмауын қамтамасыз ету. — судьялардың еңбекақы жүйесін теңестіру. А. Мерғалиев сот төрағаларын сайлау тетіктерін енгізу, құқық қорғау органдарының ықпалын жою және олардың судьяларға әкімшілік қысым жасау құралдарын болдырмау керектегін атап өтті. Сотқа дейінгі тергеу сатысында сот бақылауының тиімділігін арттыру, мерзімінен бұрын босату және жаза түрін ауыстыру институттарын жетілдіру және апелляцияның рөлін күшейту қажеттігі айтылды. Спикер ӘРПК-нің 175-бабына сәйкес әкімшілік әділет жүйесін дамыту бөлігін іске асыруды және барлық әкімшілік даулар бойынша сотқа дейінгі реттеу тәсілдерін енгізуді маңызды деп санайды. Мемлекеттік сатып алуға, салық жинауға және сот орындаушыларының әрекеттеріне шағымдануға қатысты істерді қарау мерзімін қысқарту мәселесі зерделеуді талап етеді. Жиын соңында А.Мерғалиев әділетті Қазақстанды құрудағы соттардың рөліне қатысты Мемлекет басшысының ой-пікірін бөлісе келе: «Азаматтардың, бизнес пен инвесторлардың бізге артып отырған үміті зор. Заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың бұзылған құқықтары мен мүдделерін қалпына келтіру сот төрелігін жүзеге асыру соттың басты мақсаты екенін әрбіріміз естен шығармағанымыз абзал», – деді.

ҚР Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі

Тұңғыш Президент саябағында Наурызды бірге қарсы алайық!

Алматы қаласының тұрғындарымен қонақтары, сіздерді 21-ші Наурыз 13:00-де Бостандық...

Казахстан обошёл Францию и Сингапур в мировом рейтинге счастья 

Страна показала высокие результаты в доверии и взаимопомощи. Казахстан занял...

Қазақстан Франция мен Сингапурды басып озып, әлемдік бақыт рейтингінде алға шықты

Қазақстан World Happiness Report 2025 рейтингінде 33-орынға тұрақтап, Францияны...

Әдеп жөніңдегі уәкілдің профилактикалық іс-шарасы

Ағымдағы жылдың 18 наурыз айында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

В фокусе безопасности

На территории ВосточноКазахстанской области прошло республиканское оперативнопрофилактическое мероприятие «Правопорядок»,...