12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Апостиль

       Апостиль дегеніміз – құжатқа қол қойған адамның қолын және оның өкілеттіктерін, сондай-ақ осы қағаз немесе электрондық нысандағы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның тұпнұсқалығын растайтын арнайы мөртаңба болып табылады. Ол бізге не үшін керек, деген сауал туындауы мүмкін. Жалпы апостильденген құжат аттестациялауды немесе заңдастыруды талап етпейді және оны Конвенцияға қатысушы барлық мемлекеттің ресми органдары мойындайды.

         Бұған байланысты қажетті құжаттар тізбесі мен оның қолданылуы, өтініш беру үлгісі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының  жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің  шешімімен қабылданған 2020 жылғы 13 сәуірдегі «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» туралы заңнамада айқын көрсетілген.

          Аталған заңнамаға сәйкес бұл мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар көрсетілген қызметті берушіге  «Азаматтарға арналаған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы қағаз тасығышта не «электрондық үкіметтің» веб порталы www.egov.kz арқылы электронды түрде өтініш бере алады. Құжаттарды апостильдеуге өтінім түскеннен кейін соттың жауапты қызметкері сот органдарынан шыққан ресми құжаттың шынайылығын, қол қоюшының қолынын сәйкестігін, соттың мөртаңбасының тұпнұсқаға сәйкестігін, арнайы үлгілерге қарап, тексеру жұмыстарын жүргізеді.            

       Яғни, еліміздің барлық өңірлерінде сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою үшін сол өңірдің  сотына тікелей барып немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарының филиалдарына жүгіну керек.

        Өтініштерді мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін  берудіжүзеге асыратын ұйымдарға, «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-комуникациялық инфрақұрылымы операторына жолдайды. Сондай-ақ біріңғай байланыс орталығына көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы және қызмет көрсету тәртібі туралы және қызмет көрсетуші Қағидаға енгізілген тиісті нормативтік құқықтық актінің әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күн ішінде жібереді.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...

Тіл-асыл құндылық

Мемлекеттік тіл - бұл осы мемлекеттің рәміздерінің бірі болып...