12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ана тілім ардағым

Бүгінгі күннің бір талабы – мемлекеттік тілді жетік меңгеру болып саналады.Бұл ретте біз еңбек ететін Алакөл аудандық №2 соты ұжымын үлгі тұта аламыз. Сот істері толығымен мемлекеттік тілде түсіп,жүргізіледі. Қазақ тілін өте сауатты меңгерген судьялар мен сот мәжілісінің  хатшылары мүдіріссіз төл міндеттерін мінсіз атқарады.

Негізі ана тілінде таза сөйлеу, қатесіз жазу мектептен басталатыны мәлім.Әлбетте, күнделікті тұрмыста айтылатын сөздер мен қызмет бабында пайдалатын сөз айырмасын аңғара білу, ретіне орай қолдану әр қызметкердің аңғарымпаздығын, мәдениетке қалыптасқанын да білдіреді. Өзім хатшылық жұмысыма бірер сағат тіпті бір күн бұрын дайындаламын. Қалайда ретін келтіре сот тыңдауы, яғни дайындығына, сот отырысына  кірерде талапкерлер мен жауапкерлердің, куәлердің аты-жөндерін дұрыс айтып, жазуға қалыптасқанмын.Бұл қадамды мәдениеттің адамдарға құрмет, ілтипат көрсетудің бастауы деп те санаймын.Бұл ретте өзім жазылып, тұрақты оқырманына айналған республикалық «Заң газеті» сенімді серігіме айналды. Сот жүйесіндегі жаңалықтарды білумен қатар әріптестерімнің мақалаларын үзбей оқимын. Нәтижесінде білім  деңгейі көтеріліп,жұмыс  тәжірибесін  толтыру қажеттіліктерін сүйікті басылымымнан аламын. Сыдырта оқып шығу міндет емес. Басқа облыстардағы сот хатшылары, яғни мамандар мақаларынан түйгенімді өзімнен бастап бірге қызмет істейтін әріптестерімнің күнделікті өмірде, жұмыста істейтін жұмыстарымызбен салыстырамын. Сонда қазақ тілінің бай, мағынасы терең екендігі айқын көрінеді. Сауаттылық та, жауапкершілікті жете сезіну де бір мақаладан, тіпті бір сөзден білінеді.  Иә, біздің жұмысымыз жауапкершілікті талап етеді. Ол жақсы. Біріншіден, адам өзін өзі тәрбиелейді. Екіншіден, сотқа шақырылатын адамның аты-жөнін дұрыс жазбасаңыз, белгіленген уақытынан кешіктірсеңіз түрлі мәселелер бірінен кейін екіншісі туындап отырады. Сондықтан интернетті жақсы меңгеру керек. «Сот кабинеті» арқылы хабарламаларды дер кезінде салып отырыңыз. Сонда хабарламаны алушының аты-жөні, электронды поштасы, хабарлама түскен жылы,айы-күні анық жазылып тұрады. Бұл уақытты ұтатын қадам. Нақтылық. Барлығы анық жазылып тұр. Тек қазақ тілін жетік меңгеріп, дұрыс пайдалана біліңіз.Біле білсек бұл да Ана тілінің артықшылығы. Ана тіліне жасалған қамқорлық. Ең бастысы қазақ тілінің  қажеттілігін көрсетеді. Сондықтан  ана тілім ардағым деген сөз тіл ұшына үйірілуін заңдылық деп бағалаған дұрыс.

 Диана Сатыбалдинова,

Алакөл ауданының № 2 аудандық сотының бас маманы- сотмәжілісінің хатшысы

Қазақстан Республикасында істерді дайындау және оларды апелляциялық сотқа беру

            Апелляциялық іс жүргізу — бұл бірінші сатыдағы соттың сот актілерін (шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын)...

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...