12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ана мен бала құқығының қорғалуы

Мемлекетіміздің әлеуметтік-құқықтық саясатының басым бағыттарының бірі  —  ана мен баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау . Әрине, Ата заңда көрсетілгендей мемлекеттің ең басты қазынасы – адам және оның өмірі. Бұл мүлтіксіз орындалуы тиіс  құндылық.

Қазақстан аумағында балаларды тәрбиелеудегі қатынастарды реттеуде  – Қазақстан Республикасы Азаматтық-процестік кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексін, «Бала құқықтары туралы» Заңын басшылыққа алады. Аталған нормативтік құқықтық актілерде балалардың әлеуметтік және материалдық құқықтары анықталған. Бұл заңда балалар мүддесіндегі мемлекеттік саясат мақсаттары, олардың негізгі құқықтары мен міндеттері жазылды. Баланың отбасындағы қарым-қатынасына, бала мен қоғамға, мүгедек баланың құқықтарына және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарына бөлек тараулар арналған.

Аналардың құқықтарын қорғау назардан тыс қалған емес. Еліміздегі гендерлік стратегия, жүктілік пен босану, еңбек демалысына әлеуметтік қолдау, құқықтық және медициналық көмек, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес, отбасын қолдау және дағдарыс орталықтары іске асырылуда.

Отбасында баланың өміріне ең бірінші жауапты тұлға – әке мен ана, кез-келген ата-ана өмірге әкелген баланың өмірі мен денсаулығына, қауіпсіздігіне тікелей жауапты.         

Алайда, неке бұзылған жағдайда, ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға міндетті және ерлі-зайыптылардың біреуі бұрынғы жұбайынан алименттер өндіріп алуға талап қою арызымен сотқа жүгінуге болады. Бүгінгі күні кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты, жекелеген жағдайларды қоспағанда, ешқандай тарап алимент төлеу жөніндегі міндеттерден босатылмайды. 

Баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды ата-аналары немесе баланың басқа да заңды өкілдері, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган, прокурор және сот, сондай-ақ ішкі істер органдары және өз құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдар жүзеге асырады.       Кәмелетке толғанға дейiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әрекетке толық қабiлеттi деп танылған кәмелетке толмаған баланың өз құқықтары мен мiндеттерiн, оның iшiнде қорғалу құқығын өз бетiнше жүзеге асыруға құқығы бар.

Балалар мәселесін үнемі басты назарда ұстайтын Президентіміз өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуымен бақытты балалық шағы жалпыұлттық міндет екенін айтып, 2022 жылды Қазақстанда «Балалар жылы» деп жариялаған болатын.

Балалардың болашағын бүгіннен бағдарлап, түзу тәрбие беру алдыңғы орында болса, оларды бағып, тәлімімен өсіру ата-ананың жауапты міндеті еккнін ұмытпағанымыз жөн.

                                                             Қызылорда қалалық сотының судьясы

                                                                       Ахметова Эльмира Төреханқызы

Министерство промышленности и строительства продолжает ускорять цифровую трансформацию отрасли

12 декабря в Астане прошла рабочая встреча заместителя Премьер-Министра...

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі саланың цифрлық трансформациясын жеделдетуді жалғастыруда

12 желтоқсанда Астанада Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және...

Жетісу облысында соңғы үш жылда 188 елді мекеннің ауылішілік көшелері жөнделді

Жетісу облысында соңғы үш жылда 188 елді мекеннің ауылішілік...

Жетісу облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің шикізатын өңдеу үлесі 68%-ға өсті

Жетісу облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің шикізатын өңдеу үлесі 2023...

Жетісу облысында алдағы екі жылда өнеркәсіп саласында 30 жобасын іске асыру жоспарланған

Жетісу облысында алдағы екі жылда өнеркәсіп саласында 30 жобасын...