«Аманат-Жайық» қоғамдық қорының теологтары дін ұстанушы сотталғандармен кездесті

ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің №27 мекемесіне Орал қаласының Ақ мешітінің наиб имамы Талғат Искалиев, «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының теологтары келіп дін ұстанушы сотталғандармен кездесті.

Аталмыш шараның өтуіне, осы мекемеде жазасын өтеген «в» есімді тұлғаның жаза өтеу барысында мекемеде терроризмді насихаттағаны үшін ҚР ҚК 256 бабының 1 бөлігімен 4 жыл 5 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталғаны себеп болды.
Іс-шарада наиб имам дін ұстанушы сотталғандарға, «Білімсіз пәтуә берудің зардабы » жайында дәріс оқыды.

Түзеу мекемесі әкімшілігі алдағы уақытта осындай іс-шаралар өңірдегі Дін Істері басқармасы және теологиялық оңалту қызметін жүргізетін қоғамдық бірлестіктердің теологтарымен, психолог мамандарымен тұрақты түрде өткізілетінін айтып өтті.

«Мұндай кездесулерді түзеу мекемесінде ұйымдастырудағы мақсат-терроризм және діни экстремизм идеологиясын, деструктивті діни ағымдарды ұстанатын сотталғандарды радикалды көзқарастардан арылту болып табылады. Жалпы республикалық деңгейдегі теологтар мен имамдардың тузеу мекемелеріндегі сотталғандармен кездесуі өз кезегінде жазасын өтеушілердің діни сауаттылығын арттырып, діни көзқарастарының оң бағытта болуына көп септігін тигізеді», — дейді №27 түзеу мекемесінің теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру тобының инспекторы әділет аға лейтенанты Мұрадым Сүйіншқалиев.

Кездесу соңында түзеу мекемесінде жазасын өтеушілер Орал Ақ мешітінің наиб имамы Талғат Искалиевке сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптарын алды.

«Кемел Тоқаев» ордені: Қайрат Закирьянов ерекше марапатқа ие болды

2026 жылғы 20 наурызда Алматы қаласында орналасқан Қазақ спорт...

Тұңғыш Президент саябағында Наурызды бірге қарсы алайық!

Алматы қаласының тұрғындарымен қонақтары, сіздерді 21-ші Наурыз 13:00-де Бостандық...

Казахстан обошёл Францию и Сингапур в мировом рейтинге счастья 

Страна показала высокие результаты в доверии и взаимопомощи. Казахстан занял...

Қазақстан Франция мен Сингапурды басып озып, әлемдік бақыт рейтингінде алға шықты

Қазақстан World Happiness Report 2025 рейтингінде 33-орынға тұрақтап, Францияны...

Әдеп жөніңдегі уәкілдің профилактикалық іс-шарасы

Ағымдағы жылдың 18 наурыз айында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...