Алғыс күнінде ҚАЖ қызметкерлері қайырымдылық жасады

Ағымдағы жылдың 1 наурызында Алғыс айту күнін мерекелеу аясында, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №14 мекемесінің қызметкерлері жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған, Қонаев қаласының «Кәусар» мектеп-интернатына барды.

Мекеме қызметкерлері балаларды мерекемен құттықтап, оларға зор денсаулық, отбасылық жылулық, барлық тілектерінің орындалуын және мемлекетіміздің жоғары білімді азаматтары болуды, ал балалар үйінің ұжымына бұл істе күш пен шыдамдылық тіледі.

Мекеме ұжымының атынан, азық-түлік түрінде материалдық көмек көрсетілді. Балалар мен балалар үйінің ұжымы мекеме қызметкерлеріне көрсеткен қамкорлығы үшін шын жүректен алғыс білдірді.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына 20 үміткер анықталды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды...

ҚазҰУ-да «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты халықаралық күзгі мектеп басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлттық баспа күніне орай...

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...