«№66 мекеме» РММ Алғыс айту күнінің идеялық-құндылық мазмұнын қамтамасыз ету мақсатында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Мұндай іс-шаралар ұлттық бірлікті, әлеуметтік оптимизмді, еңбек культін нығайтуға ықпал етеді, барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген мейірімділігін, достығы мен сүйіспеншілігін көрсетеді, сондай-ақ туыстарына алғысын білдіреді. Ашық есік күніне 9 сотталғанның туыстары мен жақындары келіп кетті.
Іс-шара аясында сотталғандар мен олардың туыстары үшін викторина ұйымдастырылды, сотталғандардың суреттерімен, олардың жасақтағы өмірі, сондай-ақ жүргізіліп жатқан тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыстар туралы презентация көрсетілді.
Сотталғандардың туыстарын күн тәртібімен таныстырып қана қоймай, сонымен қатар тұру жағдайларын, тұрғын үй-жайларды, асхананы, кітапхананы және т.б. көрсетті. Сондай-ақ, сотталғандардың жетекшілік ететін органдарға шағым беру үшін терминалдың жұмысы айқын көрсетілді, терминал қолжетімді жерде орналасқан және тәулік бойы қосылған. Іс-шара соңында қонақтар мен сотталғандар бір-біріне алғыстарын білдіріп, шай кешін өткізді.
Іс-шара барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып өткізілді.
Жасақ бастығы
әділет аға лейтенанты
Б.Б.Ногурбеков


