12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Алтын үкі» байқауының қорытынды кеші

Кино өнері – өзіне тән мәнерлеу амалдары, көркемдеу тәсілдері, эстетикалық заңдары мен шығармашылық дәстүрлері бар дара өнер. Көріністі әр тұстан қамти бейнелеу, адам өмірі мен табиғат құбылыстарын нанымды көрсете алу, сондай-ақ кадрларды үйлестіре құрау тәсілінің тиімділігі кино өнерінің ақпараттық мүмкіндігін кеңейте түсуде.Осындай мүмкіндіктерді пайдалана отыра, студенттердің шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында ҚазҰУ-дың Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының ұйымдастырумен студенттер арасында алғашқы рет  “Dura lex,sed lex” атты қысқаметражды   фильмдер кинофестивалі өтті,бақ сынасуға 12 қысқаметражды  фильм ұсынылды.Байқауымызға қонақ ретінде Экономикалық тергеу қызметінің подполковнигі, Алматы қаласы бойынша ТЖД аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Хасенов Рамзан Мұратұлы,Алматы қаласы ПД АБ анықтаушысы Байназарова Гүлбану Жұманиязқызы келді.Бейнероликтер заң саласынан   алыс болмады,күдіктіні ұстау,тергеу барысы,қылмыстық іс жүргізудегі  талаптардың  сақталуы қамтылды.

«Алтын үкі» киносыйлығын салтанатты марапаттау рәсімі заң факультетінің 4 залында өтті.Бейнероликтер бейнетүсірілім мен монтаждау сапасы, сондай-ақ тапсырманы орындаудағы шығармашылық көзқарас тұрғысынан бағаланды. Байқаудың қазылар алқасы ұсынылған жұмыстарды бағалап, байқаудың қорытындысын шығарды. Байқау қорытындысы бойынша келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды:

« Үздік сотқа дейінгі іс жүргізу-305 топ»

« Үздік режиссура» – Нұрадинбеков Бейбарыс, 302 топ студенті;

«Үздік әйел рөлі» — Мәди Аида,305 топ студенті;

«Үздік ер адам рөлі» — Баймұрат Бейбарсұлтан, 304 топ студенті;

«Үздік сценарий» — 308 ПД тобы;

«Үздік камералық жұмыс» — 212 топ;

«Үздік монтаж» – 303 топ;

«Үздік қойылым дизайнері» – 304 топ.

«Көрермен  таңдауы» жүлдесі қазылар алқасының ұпайларына қарамастан Instagram желісіндегі дауыс беру нәтижесі бойынша берілді. Бұл номинацияда бір сағат ішінде 7000 қаралым жинаған 305-ші топ жеңіске жетті.

 Байқауға қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп,мұндай іс-шаралар заң саласына қызығушылықты оятып,қылмыстық процесс туралы ғылымды толық зерделеуге ынтасын арттыруға,материалдарды терең меңгеруге, ұжымда жұмыс істеу, қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіруге ықпал ететінін атап өтті.

Мухамадиева Гүлжан Нүсіпжанқызы  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доценті,з.ғ.к

Марат Самат- заң факультетінің магистраты

Ауғанстаннан «Диуани Хикметтің» беймәлім қолжазбасы табылған

Ауғанстаннан табылған «Диуани Хикметтің» бұрын белгісіз қолжазбасы Қожа Ахмет...

«Қазақ халқының татуласу рәсімдері: дәстүр мен рухани үйлесімнің көрінісі»

Қазақ халқының ежелден келе жатқан рухани дүниетанымы мен өмір...

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі

Кейнгі көздері «адам өзгерді ме, заман өзгерді ме?» деген...

Алматыдағы балалар колониясынан рақымшылық бойынша алғашқы жасөспірім бостандыққа шықты

Жуырда 16 жасар Жансұлтан “Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына...

Кәмелетке толмаған сотталған балаларға арналған тренинг өтті

 Алматы қаласы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №11 мекемесіне «Азаматтардың...