Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке келмеуінің алдын алу мақсатында «Мектепке жол» Республикалық акциясын тұрғылықты түрде өткізеді.
Ағымдағы жылы бұл бастама «Жақсылықты жаса» ұранымен өткізілді. Осыған байланысты, аталған іс-шараны іске асыру кезінде 2023 жылы «Мектепке жол» Республикалық акциясын өткізудің қоса берілген Тұжырымдамасына сәйкес басшылыққа алу ұсынылады. Акцияның басталуы 2023 жылдың 1 тамызынан 30 қыркүйегіне дейін өткізілді.
Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД қарасты №13 мекеме қызметкерлері «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында, мекеме бақылаушылар қызметі бөлімінің қызметкерінің баласын кеңсе жарақтарымен, мектеп және спорт киімімен толық қамтамасыз етті.


