Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД қарасты №13 мекемесінде сотталғандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында және өз-өзіне қол жұмсау фактілерін болдырмау үшін Алматы қалалық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығы мамандарының қатысуымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында, ЖИТС мен АИТВ-ның Қазақстан еліндегі ахуалы, жұқтырған жағдайда қайда тіркелу керектігін, консультация беру бойынша сұрақтар талқыланды.
Сонымен қатар, нашақорлық, оның адам ағзасына әсері, оның салдары, тұтынудың артып отырғандығы туралы толық ақпараттар ұсынылды.


