Алматы тауларында 50-ден аса нысан заңсыз салынған

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы былтыр мегаполистің таулы жерлерінде заңсыз құрылыс салудың 54 дерегін анықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.

«44 нысан бойынша сотқа талап арыздар берілді, 31 талап арыз бойынша оң шешім қабылданды, ал қалғандары қаралып жатыр», — делінген хабарламада.

Бұл ретте 31-ден 25 талап заңды күшіне енген, 6-дан апелляциялық сатыда сот талқылаулары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін 2023 жылы құрылыс нысандарын жоспардан тыс 1074 тексеру барысында 1140 заңбұзушылық анықталған.

«Басқарма объектілерді жоспардан тыс тексеруді алынған өтініштер негізінде «ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңның сақталуы тұрғысынан жүргізді.

Азаматтардың салынып жатқан объектілер бойынша толық және өзекті ақпарат алуы үшін басқарма 8-705-896-60-00 нөмірі бойынша анықтама желісін іске қосты», — делінген хабарламада.

Дәстүрдің экологиялық бейнесі: Алматыда қайта өңделген материалдардан жасалған ер-тоқым көрсетілді

Алматыдағы «Атакент» көрме орталығы алдындағы алаңда Бостандық ауданы әкімдігінің қолдауымен Funk креативті агенттігі ұйымдастырған «Наурыз Береке Мереке» атты ауқымды фестиваль өтті.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Президент Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті  

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге сапары түркі дүниесінің рухани әрі тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды.

Мереке күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 21, 22, 23 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.