Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД қарасты №14 мекемесінде сотталғандарды жұмыспен қамтуды арттыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының бас маманы Сандуғаш Ереулиева мекеме аумағына өндіріс көлемін кеңейту және ұлғайту мақсатында, әр түрлі саладағы шағын және орта бизнес өкілдерін шақырды.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару жүйесінің басты міндетінің бірі — сотталғандарды еңбекпен қамту болып табылады.


