Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ Департаменті салтанатты іс-шара өткізді

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс Күнін мерекелеу құрметіне, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ Департаментінде салтанатты іс-шара өткізілді. Іс-шараға ҚАЖ ардагерлері, Департаментке қарасты мекеме және пробация қызметкерлері шақырылды.

Іс-шара Әнұран орындаудан басталып, қайтыс болған соғыс батырларын еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланды. Сонымен қатар, №12 мекемеде орналасқан қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлердің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді.

Департамент бастығы әділет полковнигі Игілік Хасенов ҚАЖ ардагерлері мен қызметкерлерді құттықтап, қызметте ерекше көзге түскен 80-нен астам қызметкерді марапаттады.

«Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні бұл мерекелер бірінші кезекте өз Отанымызға және қызметімізге адалдықты тәрбиелейді. Отан қорғаушылар жасаған игі істер мәңгілік және уақыт өте келе жойылмайды», — деп атап өтті ҚАЖД бастығы Игілік Хасенов.

Мерекелік іс-шара салтанатты концерттік бағдарламамен жалғасты. Қызметкерлер Отан соғысының үзінділерін көрсетіп, сондай-ақ әскери әндерді орындады.

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...

Локализация и ее преимущества 

Делегация Казахстана посетила ряд ведущих европейских предприятий, специализирующихся на...

Патриотами не рождаются, патриотами становятся 

Воспитание подрастающего поколения в духе патриотизма и духовных ценностей...