Ағымдағы жылдың 07-09 маусым аралығында Қарасай ауданы, Шамалған ауылы, «ҮШҚОҢЫР» спорт кешенінде 23 маусым мемлекеттік қызметшілері күніне арналған, Алматы облысының мемлекеттік қызметшілері арасында XV жазғы Спартакиадасы өтті.
Аталған іс-шараға Алматы облысы әкімдігі мен қалалық, аудандық әкімдіктерден және орталық атқарушы органдардан барлығы 16 команда, 400 мемлекеттік қызметшілер қатысты. Спартакиада онға жуық спорт түрлері ойындарынан өтті.
Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД ұжымы жалпы командалық есеппен 2-ші жүлделі орын алып, 500 000 теңге ақшалай сертификатқа ие болды.
Спартакиадаға қатысқан Департамент және оған қарасты мекемеке қызметкерлерін құттықтаймыз!!!


