Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ департаментінде оқыту семинар-кеңесі өткізілді.
Алматы облысы ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитеті басқармасының бастамасымен қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері үшін оқыту семинар-кеңесі өткізілді.
Сотқа дейінгі тергеп-тексерулер мен есепке алу-тіркеу тәртібінің бірыңғай тізілімін жүргізу бойынша оқыту Алматы облысы мен Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты №12 мекемесінде жүргізілді.
Семинарға Алматы облысы ҚР БП ҚСжАЕА прокурорлары және СДТТ автоматтандырылған базасына құқығы бар ҚАЖ қызметкерлері қатысты.
«ҚАЖ қызметкерлері үшін оқыту СДТТ жүргізу қағидаларын сақтау және есепке алу-тіркеу тәртібін бұзушылықтардың алдын алу үшін жүргізілді», — деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚСжАЕА аға прокуроры Азат Кеңбейіл.


