Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты №14 мекеме жеке құрамымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
№14 мекеме қызметкерлерімен, Алматы облысы дін істері басқармасы «Діни экстермизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығының» теологы Ерқанат Сүтемгеннің қатысуымен, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты, деструктивті діни идеологияның таралуына жол бермеу, дәстүрлі құндылықтарды дәріптей отырып, ұлттық сананы тағлымы мол тарихымызбен ұштастыра отырып, теріс пиғылды діни ағымдардан сақтандыру болып табылады.
Іс-шара барысында, қызметкерлер тарапынан қойылған сауалдарға тұжырымды жауаптар берілді.


