Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты №12 мекемесінде Халықаралық Отбасы күнін атап өтті.
Мемлекетімiз отбасылық институтқа елiмiздiң тұрақтылығы мен болашағының кепілі ретінде айрықша назар аударып отыр. Отбасы — бұл біздің әлемімiз. Отбасы — біздің тыныштығымыз. Отбасы- біздің болашағымыз. Біздің келешегімізді балаларымыз калыптастырады.
Халықаралық Отбасы күнің мекемеде ерекше қарсы алды. Түскі демалыс уақытында, қызметкерлердің балалары мекемеге шақырылып, есік алдына асфальтқа түрлі түсті суреттер салды. Көтеріңкі көңіл күймен салынған күн, отбасы, балалар көріністері өте әсерлі болды. Іс-шара соңында, балаларға балмұздақ таратылып, Отбасы маңызы жөнінде айтып өтілді.


