Қазақстанда «Алғыс айту» күні 1 наурызда атап өтіледі. Жыл сайын бұл мереке еліміздің азаматтары үшін, маңызды мереке бола түсуде. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 1 наурыздағы құттықтауында, мерекенің айрықша мәні мен терең символикасын атап өтіп, оның құндылықтары өзара көмек пен халқымыздың мызғымас бірлігі дәстүрін бейнелейтінін түсіндірді.
Алғыс айту күнін мерекелеу ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесінің Алматы облысы бойынша ардагерлер төрағасы Меруанам Мамтазизованың туған күнімен тұспа-тұс келді.
ҚАЖД бастығының орынбасары Жәнібек Қосжанов туған күнімен құттықтап, ҚАЖ жүйесіне қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.


