Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №12 мекемесінде, Қонаев қаласы әкімдігі өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.
Негізгі мақсаты қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерінің қызметіне жәрдемдесу әдістерін қарастыру болды.
Талқылаудың басты тақырыптарының бірі сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру, оның ішінде бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазасын өтеп жатқан адамдарды жұмыспен қамту мақсатында мекемелер жанынан өндірісті дамыту. Жұмыс кездесуі аясында корпустық жиһаз өндіретін цехтың ашылу салтанаты өткізілді.
Бүгінде, тұрақты жұмыс орындары мен кепілдендірілген жалақымен қамтылатын 18 сотталушымен еңбек шарт жасалды. Қажетті дағдылары жоқ сотталған адамдар алдын-ала дайындықтан өтті.