Алматы облысының медицина қызметкерлері қайырымдылық акциясын бастады

Алматы облысы Қарасай көпсалалы ауданаралық ауруханасының медицина қызметкерлері «Шын жүректен» қайырымдылық акциясын бастады.
Аурухана директоры Малғаждаров Маулен Сансызбайұлының бастамасымен «Қарасай ана жүрегі» қоғамдық қорының қолдауымен аудандағы 45 көпбалалы отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілді. Қажетті азық-түлік, отын-көмірмен қамтамасыз етілген отбасылар акцияны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

-Бүгінгі күні көпбалалы, жағдайы төмен отбасыларға әлеуметтік көмек беруді қолға алдық. Бұл бастамаға медицина қызметкерлері мен «Қарасай ана жүрегі» қоғамдық қорының өкілдері бірден қолдау танытты. Әсіресе, қыс мезгілінде отын-көмірге мұқтаж отбасылар бар. Сондықтан бұл бастама басқа да аудандарда жалғасын табады деп ойлаймын, — деді Маулен Сансызбайұлы.

Айта кетсек, Қарасай көпсалалы ауданаралық ауруханасының медицина қызметкерлері қайырымдылық акциясын үш ай сайын өткізуді жоспарлап отыр.

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...

Используя трудовые ресурсы

ИЗУЧАЯ СФЕРУ ТРУДА И ЗАНЯТОСТИ, ОДНА ИЗ ПЛАТФОРМ ДЛЯ...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІ ҰЛЫС КҮНІН ТОЙЛАДЫ

Бүгін Абай университеті Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін...