Алматы облысының колониясына инвесторлар келді

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты №14 мекемесінде сотталғандарды жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында, «Ер-Төстік» ЖСШ ет комбинаты мекеме аумағында өндірістік қызметін қайта жүзеге асырып, өндіріс көлемін кеңейту және ұлғайту үшін инвесторлар шақырылды.

Кәсіпорын ет пен шұжық өнімдерінің 65-тен астам түрлерін шығарады. Олар, Еуразиялық экономикалық одақтың Декларациясына сәйкес жұмыс атқарады. Өнімдерде шошқа еті, консерванттар, жасанды түстер мен ГМО қолданылмайды.

ҚР қылмыстық – атқару жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі сотталғандарды барынша жұмыспен қамту болып табылады.