Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №14 мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталғандар арасында іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында, Алматы облысы бойынша Дін істері басқармасының “Экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығының” теологы Ерқанат Сүтемген және Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің аға лейтенанты Алмат Зияханов кездесу өткізді.
Кездесуде, алдағы уақытта келе жатқан “Рамазан айы” жайлы тақырыптар және дәстүрлі құндылықтарды дәріптеп түсіндірді.


