12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Алматы облысында судья пара алғаны үшін сотталды

Алматы облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы сотталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

Антикор мәліметінше, биыл 17 қаңтарда Алматы облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А. Абдрахмановқа және басқа да адамдарға қатысты үкім шығарылды.

«Судьяның заңсыз қызметін бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жоғарғы Сотпен бірлесіп тоқтатқан.

А. Абдрахманов Қарасай ауданы Мемлекеттік кірістер басқармасының Өндіріп алу бөлімінің басшысы А. Асилбековтың көмегімен екі ЖШС-ті банкрот деп танығаны үшін кәсіпкерден пара алды деп айыпталды. Қонаев қалалық сотымен А. Абдрахманов 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды», — делінген хабарламада.

Асилбековке 122,5 миллион теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалған.

«Пара беруші 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды. Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады.

ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады».

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНЫЙ ПОТЕНЦИАЛ И НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ

Как известно, национальный проект «Качественное образование – образованная нация»,...

– Андрей Иванович, Ақмола – табиғат ерекше байлық сыйлаған...

Аумақтық соттылық мәселелері

2021 жылғы 20 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне...

Жаттығу барысында жеке құрамның білімі мен практикалық дағдылары,...

Сотталғандар арасында спорттық шара өтті

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты 68 мемлекеттік...