Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеуге байланысты, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД қарасты №14 мекемесінде сотталғандардың патриоттық және мәдени дамуына, сондай-ақ оларда заңға бағынатын өмір салтын қалыптастыруға бағытталған мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілді.
Барлық жасақтарда сотталғандармен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері, олардың геральдикалық маңызы және қазақ халқының тарихы мен рухын қалай бейнелейтіні туралы дәрістер жүргізілді. Сотталғандарға мемлекеттік рәміздердің жасалу тарихы және олардың авторлары жайлы айтылды.


