Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД қарасты №12 мекемесінің аумағындағы көпсалалы колледжінде жазаларын өтеп жүрген түлектердің 2022-2023 оқу жылының аяқталуына байланысты салтанатты іс-шара өтті.
Сотталған азаматтарға компьютерлік-аппараттық қамтамасыз ету операторы, ағаш ұстасымен паркет жұмыстарының шебері, электр газбен дәнекерлеуші және тігінші мамандықтары бойынша дипломдар мен сертификаттар табысталды.
Аталған іс-шарада, колледж директорымен ұстаздар, мекеменің тәрбие бөлімінің және сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының қызметкерлері ат салысып, түлектерге жылы лебіздерін білдірді.
Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаменті және оған қарасты №12 мекеме әкімшілігі түлектерге сәттілік тілейді.


