1 мамыр мерекесіне орай, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты Іле аудандық пробация бөлімінің есебінде тұрған сотталғандар арасында спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Іле аудандық прокуратурасының бастамасымен және аудандық әкімшіліктің қолдауымен 29 жасқа дейінгі сотталғандар арасында футболдан жарыс, Іле ауданының спорт алаңында өткізілді.
«Шараның басты мақсаты — пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтырды салауатты өмір салтын ұстануға, спортқа бейімдеу, пайдалы іспен шұғылдануға бағыттау арқылы теріс қылықтарға баруына мүмкіндік бермеу, қоғамға пайдалы істерге баулып, мінез-құлықтарының дұрысталуына ықпал ету»,- деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары Жаныбек Қосжанов.
Жарыста жеңіске жеткен және үздік ойын көрсеткен сотталғандарды ұйымдастырушылар марапаттап, оларға кубок, медаль және мадақтау қағаздарын табыстады.


