Алматы облысында пробация бөлімі бос орындар жәрмеңкесін өткізді

Алматы облысы Қарасай аудандық жұмыспен қамту орталығының бастамасымен, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД қарасты Қарасай аудандық пробация бөлімі, жеке сот орындаушы қызметкерлері және аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы бірлесіп «Бос орындар жәрмеңкесі» шарасын өткізді.

Іс-шараға аудандық пробация бөлімінде есепте тұрған сотталушылар қатысты. Жәрмеңкеде аудан аумағында орналасқан ЖК «Бексұлтан», «LIDER», «Қарасай ауданы әкімдігінің халықты қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, » Казпочта» акционерлік қоғам өкілдері және жеке шаруашылық басшылары бос лауазымдарын ұсына отырып, жұмысқа орналасу талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Өткізілген шара қорытындысы бойынша есепте тұрған сотталғандар өздеріне қажетті ақпаратты алып, алдағы уақытта жұмысқа орналасуға ниеттерін білдірді.

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...

Мемлекеттік тіл және құқықтық мемлекет қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды...

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы...

Сотқа деген сенімді арттыру тетіктері

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен оған деген қоғамдық...

Этика судей

Особенность этики судьи в том, что она обязательна к...