Алматы облысында Жол картасы щенберінде колонияда мерекелік шара өтті

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД қарасты №57 мекемесінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру шеңберінде мерекелік іс-шара өтті.

Сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік ықпал көрсету мақсатымен, іс-шараға Берік Құрақбаев, Қазақстанның 3 дүркін жеңімпазы, Семей қаласы мәслихатының депутаты Дәурен Нұралимов, «Қазақстан Барысы–2018» турнирінің жеңімпазы Мақсат Қиқымов, мекеме жанындағы кәсіптік-техникалық колледж оқытушысы Светлана Жапарова арнайы қонақ ретінде шақырылды. Сондай-ақ, 90-шы жылдардың хитмені атанған әнші Парвиз Назаров өзінің концерттік бағдарламасын ұсынып, сотталғандар алдында өнер көрсетті.

Кездесу кезінде Қазақстан спортының жеңімпаздары сотталғандармен сұхбаттасып, оларға дене шынықтырып, денсаулықтарын күтуді насихаттады.

Новые увлечения и первые успехи: чему подростки учатся в досуговых центрах Медеуского района

В Алматы работают 100 досуговых центров, которые регулярно посещают...

Бостандық ауданында тоғызқұмалақтан BOSTAN CUP турнирі өтті

18 қараша күні Алматы қаласының Бостандық ауданында ұлттық зияткерлік...

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені:жетістіктері мен даму мүмкіндіктері

Қазақстан – ауыл шаруашылығы саласын дамытуға зор мүмкіндігі бар...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПОЛЯК ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Абай университетінде Польша тілі мен мәдениеті орталығының салтанатты...