12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматы облысында «Ауыл аманаты»  жобасы аясында ауыл тұрғындарынан ұсақ малды сатып алу жобасы басталды

«Байсерке-Агро» компаниясы Алматы облысында «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауыл тұрғындарының өсірген  ұсақ малын сатып алу жобасын іске асыра бастады. Ол шаруа қожалықтары үшін тұрақты өнім өткізу нарығын құру, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру және ауыл тұрғындары арасында жұмыссыздықты азайту, сондай-ақ Парсы шығанағы елдерінде қазақстандық қой етінің экспорттық әлеуетін дамытуға бағытталған.

Жоба аясында «Байсерке-Агро» ЖШС ауыл тұрғындарынан ұсақ мал (қозы, қой,ешкі) сатып алып, олар үшін қой етінің шикізатын жеткізушілердің тұрақты нарығын құрады. Сондай-ақ ауыл тұрғындарына ветеринария, малды ұрықтандыру және жемді дұрыс дайындау мәселелері бойынша жәрдемдеседі. Компания өзінің бордақылау алаңдарында ауыл тұрғындарынан сатып алынған ұсақ мал бордақылауды жүргізіп, шет елдерге өткізу үшін қажетті жағдайға жеткізеді. Ал «Первомайские деликатесы» ЖШС ауыл тұрғындарынан ет өнімдері мен шұжық өнімдерін өндіру үшін қой сатып алатын болады. Қазіргі уақытта жылына 800 тонна қой етінің экспорттық әлеуеті бар. Жылына 50 мың бас көлемінде ұсақ малға үлкен қажеттілік бар.

«Ауыл аманаты» жобасы елімізде 2023 жылдың басында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша басталды. Бағдарламаның Алматы облысындағы операторы «Қонаев» ӘКК болып табылады.   Оның  аясында ауылдар мен шағын қалалардың тұрғындары мемлекеттен мал шаруашылығы мен фермерлік саласындағы кәсіпкерлік қызметке жеңілдетілген пайызбен несие ала алады. Бұл үшін AMANAT партиясы жанынан азаматтар мен әкімдерді әдіснамалық сүйемелдеуді, оқытуды, өтінімдерді қабылдау және қаражатты бөлу процесінің мониторингін қамтамасыз ететін жобалық кеңсе ашылды.

Жоба бойынша микрокредит беру мерзімі 5 жылды құрайды, бұл ретте мал шаруашылығы саласындағы бастамалар үшін 7 жыл кезең көзделген. Максималды сома – 2,5 мыңнан 8 мыңға дейін (зәкірлік кооперация) АЕК, номиналды сыйақы мөлшерлемесі-жылдық 2,5 пайыздан аспайды. «Ауыл аманаты» жобасы бойынша бұл қаражатты: ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер; зейнеткерлік жасқа толмаған қысқартылатын жұмыскерлер; ЖК ретінде тіркеусіз тауарларды өндіру немесе өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар (оның ішінде әрекетсіз ЖК); отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті жүзеге асыратын тұлғалар; ЖК-да өнім өндіретін табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен сату немесе айырбастау үшін жеке қосалқы шаруашылықтың мүшелері; табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен өндірістік кооперативтердің мүшелері ала алады.

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...

Еріктілер кеңесі мүшелері ауладағы қар тазалау акциясына қатысты

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған...