Алматы маңында бір түнде алты жер сілкінісі болды

Алматыдан 275 шақырым жерде Қытайда жерасты дүмпулері тағы тіркелді. Бұл өткен түнде Қазақстан маңында болған алтыншы жер сілкінісі болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция деректерінде келтірілген.

«Сейсмикалық станциялар желісі 25 қаңтарда Алматы уақыты бойынша 07:43-те жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 275 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан», — делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,6. Магнитудасы MPV — 5,5. Тереңдігі — 15 шақырым.

Қазақстан аумағында сезілгені туралы мәлімет жоқ.

Еске салайық, 23 қаңтарда Алматыда жер сілкінісі болды. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «НТЦСН и И» сейсмикалық станциялар желісі Алматы уақыты бойынша сағат 2024 жылғы 23 қаңтарда сағат 00:09:02-де (2024 жылғы 22 қаңтарда Гринвич бойынша 18 сағат 09 мин 02 сек) жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады. Жер сілкінісі MSK-64 шкаласы бойынша Алматыда 5 балл, Шымкент 2 балл болып сезілген. 

Артынша жер сілкінісі тағы да сезілді. Көп ұзамай жер сілкінісінің үшінші толқыны сезілді.  

Алматыда жер сілкінісі қайталанбайды

Сейсмикалық болжау комиссиясы Алматыдағы жағдай бойынша қорытынды жасады. Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығының базасында комиссия Алматы болжамдық полигонының аумағындағы сейсмикалық жағдайға бағалау жүргізеді. Оның қорытындысы бойынша комиссияның кезектен тыс отырысының хаттамасы дайындалады.

«Комиссияның қорытындысына сәйкес күшті және жойқын жер сілкінісі күтілмейді», — деп жазылған хабарламада.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдын ала жоспарланған жұмыс кестесіне сәйкес 24-25 қаңтар күндері Алматыға барады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. 

Президент мегаполистегі бірқатар нысанды аралайды. Соның ішінде Қаңтар оқиғасынан кейін күрделі жөндеуден өткен әкімдік ғимаратына барып, қаладағы жағдайға байланысты жиын өткізеді.

Алматы қалалық полиция департаментінің қызметтері мен бөлімшелері қызметтің күшейтілген нұсқасына көшірілді. Қаладағы жағдай тұрақты. 

Кассациялық сот – әділ сот төрелігінің жаңа кезеңі

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы...

Халықаралық құжат айналымындағы апостиль рөлі

Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым...

Аумақтан тыс соттылық – маңызды құқықтық қадам

Қазіргі қоғамда сот жүйесіне деген сенім – құқықтық мемлекетттің...

С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей

Сегодня в Казахстане функционирует более 70 театров, из которых...

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы...