Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД Полиция күнін атап өтті

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінде Қазақстан полициясы күніне орай салтанатты іс-шара өтті.

Департамент басшылығы қызметтік борышын атқару уақытында қаза болған қызметкерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткіш алдына гүл шоқтарын қою рәсімімен бастады.

Іс-шараның басты бөлігі «Армия үйінде» жалғасты тапты. Мерекелік шараға Алматы облысының ҚАЖ ардагерлері, Ұлттық Ұланның 3660 әскери бөлімінің басшысы және қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан Ербол Ержановтың Отбасы шақырылды. Сонымен қатар, ҚАЖ Департаментінің және оған қарасты мекеме қызметкерлері қатысты.

Салтанатты түрде Мемлекеттік ту шығарылып, Департамент бастығы қызметтік борышын адал атқарған қызметкерлерді марапаттап, ардагерлермен қайтыс болған қызметкердің Отбасына алғыс хатпен сыйлықтар табыстады.

Іс-шара ҚАЖ Департаментінің арнайы түсірілген «Міндет.Абырой.Ерлік.» қысқаметражды фильмінің алғашқы көрсетілімімен жалғасты.

Сот отырысында тәртіп сақтау баршаға міндет

Сот отырысына қатысудың тәртiбі заңмен бекітілген. Сондықтан, сот залындағы...

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...

Мемлекеттік тіл және құқықтық мемлекет қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды...

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы...

Сотқа деген сенімді арттыру тетіктері

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен оған деген қоғамдық...