АЛМАТЫ АКАДЕМИЯСЫНДА ПОЛИЦИЯ КҮНІНДЕ БАСШЫ ҚҰРАМҒА СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ

Бүгін ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының жеке құрамы Қазақстан полициясы күнін атап өтті.
Салтанатты жиынды құттықтау сөзбен ашқан Академия басшысы полиция генерал-майоры А.Сайтбеков Қазақстан полициясының азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті сенімді қорғаудағы еңбегін атап өтті.
«Егеменді еліміздің жарқын болашағының кепілі – Жаңа Қазақстан құруда білікті кадрлардың атқаратын ролі орасан. Ал ішкі істер органдары үшін білікті кадрларды Алматы Академиясы даярлайды. Бүгінгі мереке күні біз ішкі істер органдарының ардагерлеріне жас қызметкерлерді тәрбиелеуге, ұрпақтар сабақтастығын сақтауға қосқан үлестері үшін алғыс айтамыз. Сондай-ақ, бүгін қызметтік міндеттерін орындауда ерлікпен қаза тапқан әріптестерімізді еске алып, олардың рухына бас ию біздің парызымыз. Олардың есімі біздің жүрегімізде, еліміздің тарихында мәңгі сақталады»-деді А.Сайтбеков.
Жеке құрамды Академия ардагерлер кеңесінің мүшесі полиция генерал-майоры Джан Кенжетаев құттықтап, заң үстемдігі мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде абыроймен еңбек етуге тілек білдірді.
Қазақстан полициясы күніне арналған мереке соңы қызметте үздік көрсеткішке жеткен қызметкерлерді марапаттау рәсіміне ұласты.
Салтанатты мереке кезінде басшылық құрамды даярлау факультетінде білім алған тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.
Сертификат тапсыру салтанатында құттықтау сөз сөйлеген Алматы академиясының бастығы полиция генерал-майорыі Айдар Мүтәлікұлы Сайтбеков сертификат иелерінің еліміздің ішкі істер органдарында абыройлы еңбек етіп, жаңа Қазақстанның жарқын болашағына үлес қосатындықтарына сенім білдірді. Өз кезегінде сөз алған басшы құрамды даярлау факультетін бітіруші ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Асылбек Түлкібекұлы Идрисов та академия басшылығына жан-жақты білім алуға жағдай тудырғаны үшін алғыс білдірді.
Сондай-ақ Академияның жеке құрамы, ардагерлері мен тыңдаушылары өткен жылы оқу орнының ауласында ашылған қызмет бабында қаза тапқандардың мемориалына гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды.

Сот отырысында тәртіп сақтау баршаға міндет

Сот отырысына қатысудың тәртiбі заңмен бекітілген. Сондықтан, сот залындағы...

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...

Мемлекеттік тіл және құқықтық мемлекет қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды...

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы...

Сотқа деген сенімді арттыру тетіктері

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен оған деген қоғамдық...