Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің №11 мекемесінің қызметкерлері Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мамандарымен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мамандар Заң бұзу фактілерінің алдын алуы жайлы дәріс оқыды.
Маңызды сабақ кезінде жеке құрамға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты заңнамалардағы өзгерістер туралы да айтылды. Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері жеке құрамның сұрақтарына жан-жақты жауап берді.


