Жуырда, Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің №13 мекеме жұмыс жоспарына сәйкес,
жемқорлыққа қарсы жұмыс кездесуі өтті.
Мекеменің жеке құрамымен сұхбаттасуға Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі арнайы шақырылды.
Іс-шарада ҚАЖ қызметкерлеріне жемқорлыққа қарсы күрес жолында бірнеше орын алған фактілерді мысалға келтіріп, оның салдары жайлы сұхбат жүргізілді. Сонымен қатар жеке құрам жұмыс барысында жемқорлыққа жол бермей, өз қызметтерін заң шеңберінде атқарып, адал қызмет етуге шақырылды.


