Алматылықтарды «15 қаңтарда жойқын жер сілкінісі болады» деген ақпарат шошытты

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 2024 жылғы 15 қаңтарда Алматыда «жойқын жер сілкінісі болатыны» туралы ақпарат тарап жатыр. Кейбір алматылықтар бұл хабарламадан кейін қаладан уақытша кетіп жатқан көрінеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл жағдайға қатысты Ішкі істер министрлігі, төтенше жағдайлар департаменті және Сейсмология институты түсінік берді.

Алдыңғы аптада әлеуметтік желілерде алматылықтарды «15 қаңтарда болатын жойқын жер сілкінісіне байланысты ертерек эвакуациялау» шақырған видеолар тарады. Кейінірек қазақстандықтар да осыған ұқсас аудио хабарламаларды мессенджерлер арқылы тарата бастады.

ІІМ

Ішкі істер министрлігі жер сілкінісі туралы хаттың авторы заң бұзған болуы мүмкін екенін айтып, қысқа қайырды. Ведомство бұл жайтты «анықтауға» уәде берді.

Алматының төтенше жағдайлар департаменті

Алматы төтенше жағдайлар департаменті бұған дейін дүрбелеңге негіз жоқ деп мәлімдеме жасаған Дәулет Сәрсенбаевтың мәлімдемесін еске салды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмология институты

Сейсмология институты болжам жасайтын комиссия тәулік бойы жұмыс істейтінін, 70 сейсмикалық станса мен 25 бақылау пунктінен 24/7 сейсмологиялық мәліметтер түсетінін хабарлады.

Институт сонымен бірге алдағы жеті тәулікте Алматыда 70 пайыз ықтималдықпен жойқын жер сілкінісі болмайтынын мәлімдеді.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...

Қазақстанда қала халқы өсіп, ауыл тұрғындарының саны азайды

2026 жылғы 1 қазанда Қазақстан халқының саны 20,6 миллион адамнан асты. Жыл басынан бері ел тұрғындары 133 707 адамға немесе 0,65% көбейген.

Время перемен и ответственности

ЭКОНОМИЧЕСКИЙ РОСТ, БЛАГОСОСТОЯНИЕ ГРАЖДАН, РАЗВИТИЕ РЕГИОНОВ И ПРАВОВЫЕ ГАРАНТИИ СТАЛИ ГЛАВНЫМИ ТЕМАМИ ОБСУЖДЕНИЯ ПОСЛАНИЯ. ЕГО ПОЛОЖЕНИЯ ПОЛУЧИЛИ ПОЛОЖИТЕЛЬНЫЕ ОЦЕНКИ СО СТОРОНЫ КАЗАХСТАНСКИХ ЭКСПЕРТОВ И ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ ОБЩЕСТВЕННОСТИ, А ТАКЖЕ ВЫЗВАЛИ ИНТЕРЕС ЗАРУБЕЖНОГО ЭКСПЕРТНОГО СООБЩЕСТВА.